Екібастұз ГРЭС-1 аумағындағы майнерлер туралы ақпаратты жоққа шығарды

19 ақпан 2022, 11:21

18 ақпанда қаржы мониторингі агенттігі Екібастұз ГРЭС-1 желісіне майнингтік орталықтардың заңсыз қосылғаны анықталды деген болатын
Sputnik. Б. Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1 ЖШС кәсіпорынның өндірістік алаңында майнингтік орталықтардың анықталғанын жоққа шығарды. екенін хабарлады.
"Станция аумағында майнингтік ферманың анықталғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Кәпіорын аумағында бөтен ұйымдары мен нысандар жоқ және болуы мүмкін емес", - делінген хабарламада.
18 ақпанда қаржы мониторингі агенттігі Екібастұз ГРЭС-1 желісіне майнингтік орталықтардың заңсыз қосылғаны анықталғанын хабарлаған болатын.
"Бұл ретте электр энергиясы екі кәсіпорынның атына лицензиясы жоқ ЖШС арқылы келіп түскен. Алдын ала жасалған акт-қорытындыға сәйкес белгіленген табыс сомасы 805 миллион теңгені құрады", - делінген хабарламада.