Екібастұз тұрғыны 14 жасар қызға қатысты зорлық-зомбылық көрсетті деп айыпталды

22 шілде 2022, 20:35

Екібастұз қаласының тұрғыны кәмелетке толмаған қызға қатысты зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Павлодар облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Екібастұз қаласының полицейлеріне жергілікті тұрғыннан оның 14 жасар қызына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері туралы арыз түсті.

Оқиға су қоймасында болған. Жәбірленуші ол жерге достарымен барған, олардың жанында үлкендер болмаған.

“Күдікті анықталып, қамауға алынды. Ол 28 жастағы Екібастұз облысының тұрғыны болып шықты. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 3-1-бөлігі, 1-тармағы “Кәмелетке толмаған адамға қатысты сексуалдық сипаттағы күш қолдану” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде”, – деп мәлімдеді полиция басқарамсының баспасөз қызметі.

Осы бап бойынша кінәлі адамдар белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он бес жылдан он жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.