Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Екібастұзда аулада тұрған екі көлік өртеніп кетті

29 шілде 2022, 14:13

Өрттің шығуына қасақана от қою себеп болған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

 
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 шілде күні сағат 02:31-де  Ломоносов көшесі, 17/2 мекенжайы бойынша 2012  жылы шыққан «Lada Priora» жеңіл автокөлігінің 2,5 шаршы метр аумағы толығымен жанып кеткен.

«Сонымен қатар көліктің жанында тұрған 1998 жылғы «Volkswagen Passat В3» автокөлігінің бір шаршы метр аумағы  жанды», - дейді департаментте.
Өрт сағат 02:41-де ауыздықталып, сағат 03:00-де сөндірілді. 

Келтірілген шығын көлемі анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнында  өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жұмылдырылып, бір техника мен жеке құрамнан 6 қызметкер жұмыс істеді.