Екібастұзда бірқатар үйлерде жылу мен ыстық су өшіріледі

16 қаңтар 2022, 13:45

Бекіту арматурасын жөндеуге байланысты осындай шешім қабылданған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

 

Бұл туралы Екібастұз қаласы тұрғын үй инспекциясының Instagram-аккаунтында хабарланды.

 

- 16 қаңтарда сағат 16-ға дейін НО - 14а-дағы бекіту арматурасын жөндеу үшін №1 НП-дан №2 НП-ға дейінгі №5 жылу магистралін жоспардан тыс ажырату жүргізіледі, - делінген хабарламада. - Осыған байланысты бірнеше мекенжай бойынша жылу және ыстық сумен жабдықтау болмайды.

 

Жылумен жабдықтауды қалпына келтіру күні мен уақыты шамамен көрсетілген.

 

Тізімге 16 көп қабатты тұрғын үй, 936 жеке тұрғын үй, 20 заңды тұлға және бір әлеуметтік нысан кірді. Нақты мекенжайларды мына жерден көруге болады.

 

 

 

 

 

altaynews.kz