Ел жаңалықтары

Екібастұзда жұрттың көзінше өзгені атып өлтірген зейнеткер сотталды

  • Екібастұзда жұрттың көзінше өзгені атып өлтірген зейнеткер сотталды

    Екібастұзда жұрттың көзінше өзгені атып өлтірген зейнеткер сотталды

Екібастұзда өтіп бара жатқан адамдардың көзінше өзгеге оқ атқан адам сотталды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша айып тағылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

 65 жастағы зейнеткерге 287-бап, яғни «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру», сондай-ақ, 99-бап, яғни «Кісі өлтіру» бойынша айып тағылды.

Еске сала кетейік, 23 ақпан күні сағат 08:00-де Екібастұзда Сәтбаев көшесіндегі үйдің ауласында белгісіз біреу қарудан оқ атқан. Жарақат алған ер адам оқиға орнында қаза тапқан.

Павлодар облысы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі зейнеткердің ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігінде және 287-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылғанын айтты.

«Қылмыстық құқықбұзушылықтардың жиынтығы бойынша жазаларды ішінара қосу жолымен қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде ең жоғары қауіпсіздікті өтей отырып, 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын», - деп хабарлады  баспасөз қызметінде.
Кейінірек сотталушы қарсыласының арқасынан және басынан атқаны белгілі болды. Прокурор айыпталушыны Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша 14 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Оқи отырыңыз: Екібастұзда үй ауласында ер адамды атып өлтірген күдікті ұсталды

Жәбірленушілер: марқұмның ұлы, қызы және жұбайы ең жоғары жаза шарасын – 15 жыл тағайындауды және әрқайсына 5 миллион теңге мөлшерінде моральдық зиян өндіріп алуды сұрады.

Сотталушы өз кінәсін ішінара мойындап, кісі өлтіру ойы болмағанын түсіндірді. Жәбірленушілердің азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылып, жалпы сомасы 7 млн теңге өндірілді.

 Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.




Көрілген: 657    Пікірлер: 0

жұма, 17.09.2021, 23:46

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31