Ел жаңалықтары

"Екінші әйелі бар": Алматыда балаларымен бірге секіріп кеткен келіншектің әпкесі сұхбат берді

  • "Екінші әйелі бар": Алматыда балаларымен бірге секіріп кеткен келіншектің әпкесі сұхбат берді

Алматыда қайтыс болған келіншектің әпкесі Жанар Қадырова сіңлісі Бақтыгүлдің өліміне қатысты тың мәліметтерді жария етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Айтуынша, соңғы кездері сіңлісі тым жүдеп, күйзеліс жағдайда жүрген. Алайда, психикалық ауруға шалдығуы мүмкін емес дейді. Оған себеп күйеуінің өмірінде тағы бір әйелдің пайда болғаны дейді ол.

 
Әдетте, отбасына қатысты сырды ашып айта бермейтін бауыры бұл сырын тек әпкесімен бөлісіпті. Әйел бақуатты, университеттердің бірінде лауазымды қызметте. Жанар ол  келіншектің жас отбасына көмектесіп тұратынын да жасырмады.  

Әпкесі соңғы уақытта сіңлісінің қаржылық қиындықтар туралы шағымданбағанын айтады. Бақтыгүл үнемі балаларына қамқор болып, аса жауапкершілікпен қарапты.

"Балаларын ешкімге сеніп тапсыра бермейтін", – дейді әпкесі.

Оқиға болған күні күнделікті әдетпен жағдай сұрасқан. Алайда, бірнеше рет телефон шалғанда тұтқаны көтермепті. Айтуынша бауыры 20 қазанда туған күнін, отбасыларының 7 жылдығын атап өткен.

Айта кетейік, бұған дейін марқұмның атында үш несие болғаны туралы хабарлаған едік. Несие жайлы күйеуі Нұрсұлтан Оразов та хабардар болған.




Көрілген: 1098    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.11.2021, 22:38

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 15:36
    БІЛЕКТІ БАУЫРЖАН

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31