Бірнеше экобелсенді АҚШ Президенті Джо Байденді сотқа берді. Олар Аляска аумағындағы кен орындарын игеру шешіміне қарсылық білдіруде деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Politico сайтының жазуынша бірнеше экологиялық ұйым АҚШ президенті Джо Байденді Алясканың солтүстік-батысында мұнай мен газ өндіруге арналған ұңғымалар пайда болатын ConocoPhillips жобасын мақұлдау туралы шешіміне қарсылық білдіріп, сотқа жүгінген. Талап-арызда ұңғылау-бұрғылау алаңдарының өте сезімтал орта екені көрсетіледі. Экологтар пікірінше бұл ауаның сапасына, ондағы халықтың, жан-жануардың өміріне айтарлықтай зиянын тигізеді. Тіпті олар Президент өз шешімі арқылы табиғатты қорғау заңының 4 пунктін өрескел бұзғанын айтуда.
Кен орнын игеру жұмыстарының жоспарына сай Аляскада осы жоба арқылы мұнай өндіру шамамен 600 миллион баррельді құрайтыны, ал парниктік газдар шығарындылары жылына 280 миллион тоннаға жететіні жазылған.