Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Экология министрлігі Каспийдегі судың қара түске боялу себептерін түсіндірді

01 маусым 2023, 19:27

Экология министрлігі Каспийдегі судың қара түске боялу себептерін түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy министрліктің Telegram-арнасына сілтеме жасап.

 
Әлеуметтік желілерде Ақтау қаласындағы 4-ші шағын ауданыны аумағындағы Каспий теңізі қара түске боялғаны туралы ақпарат пайда болды.

«Осы орайда, Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің мамандары жағдайдың  себебін анықтау мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізді. Сараптау барысында теңіздің қара түске боялуының себебі шіріген теңіз өсімдіктері ыдырауынан және теңіз түбіндегі көпжылдық табиғи құбылыстарға байланысты тұнбаның жиналуынан екендігі екендігі анықталды. шіріген алаңдаушылық туғызбайтындығы және анықталды. Алаңдауға негіз жоқ», - делінген ақпаратта.
Сонымен қатар, жағалауды лай мен басқа да ластанудан тазарту үшін қажетті шаралар қабылданатын болады.

Аталған мәселе бойынша жергілікті экология департаменті тиісті мемлекеттік органдарға хат жолдады.