Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Екпе салдырмаған студенттерді бөлек оқытады: Шығыс Қазақстандағы колледждердің бірінде білім алушыларды бөліп тастаған

13 желтоқсан 2021, 17:30

Шығыс Қазақстан облысындағы колледждердің бірінің басшылығы екпе алмаған студенттердің неліктен оффлайн форматтағы оқу жүйесіне шеттетілгенін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті YK-news.kz басылымының мәліметінше, Қ.Нұрғалиев атындағы колледж 10 желтоқсаннан бері екпе алмаған студенттерді сабаққа жібермей отыр. Олар қашықтықтан оқуы керек немесе ПТР тестін көрсетулері тиіс.

Білім ошағының басшылығы бұл бұйрықтың заңға сәйкес орындалғаны туралы айтып, басылымға жауап берген.

"10 желтоқсан күні колледждің "COVID-19 коронавирустық инфекциялық пандемия жағдайында студенттердің денсаулығын сақтау шаралары туралы" бұйрығы күшіне енді. Оны қабылдауға заңның "Білім туралы" білім беру мекемесінің басшылығына "...аурулардың алдын алу, ...оқушылардың денсаулығын жақсарту бойынша қажетті шараларды жүзеге асыруды" міндеттейтін 48 бабы негіз болып табылады", - деді колледж директоры Марат Нұрғалиев.

Аталған бұйрыққа сәйкес колледж вакцинацияланған және вакцина салдырмаған студенттерге бөлек білім беруді енгізеді. Колледж директоры атап өткендей, оқу орнында қашықтықтан оқыту үшін барлық техникалық мүмкіндіктер қарастырылған.

Сонымен қатар, Марат Нұрғалиев бөлек оқыту туралы шешімді колледж басшылығы өз бетінше және бірінші кезекте екпе алмаған студенттердің мүддесі үшін қабылдағанын айтып, оларда қажетті иммундық қорғаныс жоқ екенін алға тартты.

"Оқу жылының басынан бері екпе алмаған оқушылардың ауруына байланысты 15 топ екі апталық карантинге жіберілді. Бұл шамамен 400-ге жуық студент немесе студенттердің барлық контингентінің 50%-дан астамын құрайды. Оның үстіне карантин олар үшін оқу процесін жалғастыру түсінігін білдірмейді", - деп атап өтті Нұрғалиев.

Ол сондай-ақ студенттерге міндетті екпе салдыру немесе ПТР тест тапсыру талап етілмейді деп сендірді.

Алайда бөлек оқыту кезеңі қанша уақытқа созылатыны жөнінде колледж басшысы әртүрлі сылтауларға иек артып, ашып айтып бере алмады. 

Қазіргі уақытта колледж студенттерінің 44%-ы COVID-19-ға қарсы екпе салдырмаған.