Ел жаңалықтары

Экс-депутаттың мәйіті табылды

  • Экс-депутаттың мәйіті табылды

    Экс-депутаттың мәйіті табылды

Қарағанды облысында су тасқыны кезінде із-түзсіз жоғалған экс-депутат Нұрлан Сүлейменовтің денесі бір ай дегенде әрең табылған болатын. Құтқарушылардың бірі іздеу жұмыстарының неліктен созылып кеткенін түсіндірді.

Александр Вицудың айтуынша, кәсіпкердің денесі өзен түбіндегі шіліктерге шырмалып қалған.

"Дене ағыстың қаттылығынан қарқынмен келіп, қалың шілікке  қыстырылып қалған. Су деңгейі жоғары кезде шіліктің арасынан көрінбеген. Су түбінде осындай тал шіліктердің көптігі іздеуді қиындатты. Су шамамен 70 сантимерге дейін түскенде ғана көрінді. Шалқасынан жатыр, денеде жарақат белгісі жоқ", - дейді ол.

Шаруа қожалығының иесі жоғалғаннан екі күннен кейін оның көлігі Нұра өзенің Тассуат ауылы маңындағы өткел тұсынан табылған, деп хабарлады КТК.

Қызыл су жолдан асқанда Сүлейменов тізіндеген көлік көпірден тайып кетуі мүмкін деген болжам болды. Бірақ оның өзі табылмай, ел жұрт қастандық жасалуы мүмкін деп сан-саққа жүгіртті. Ал туыстары марқұм кепілде отыр деп соңына дейін үміт үзбеген. Дегенмен, көліктің көпірден ауып кеткенін көргендер табылыпты. Сондықтан іздеу жұмыстары тоқтатылмай, өзен арнасының 170 шақырым жері тексерілген. Алайда 62 жастағы кәсіпкердің денесі көлік құлаған жерден небәрі төрт шақырым жерден су деңгейі төмендегенде ғана көрінген.   




Көрілген: 756    Пікірлер: 0

жұма, 07.05.2021, 11:30

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30