Ел жаңалықтары

«Елбасы медалі» кімдерге беріледі

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Еліміздің озат жастарына «Елбасы медалі» беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Арнайы жобаға жасы 14-тен 29-ға дейінгілер ғана қатыса алады.

 

Қазір үміткерлерден өтініш қабылдау басталды. Жоба 7 бағытты қамтиды. Спортта толайым жетістікке жеткен, өнерде өз орнын тапқан, волонтер болып елге көмектескен, кітап оқуға жаны құмар және ұлттық мұраны сақтауға үлес қосқан жастар өзара сынасады.

 

Оза шапқандарына алтын, күміс және қола медальдар бар.

 

Қазірдің өзінде жаңа жобаға қатысу үшін 6 мың адам өтініш берген.

 

Әнуар Жанғозин, «Елбасы академиясы» ҚҚ басшысының орынбасары:

 

- Бағдарламаға аймағынан жасөспірімдер мен жастар қатыса алады. Яғни, шалғай елді мекендерді де қамтитын боламыз. «Елбасы медалі» бағдарламасынан сәтті өткен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградаттау көзделген.

 




Көрілген: 303    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.06.2020, 01:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31