Ел жаңалықтары

Елбасы: Назарбаев университеті - тәуелсіз Қазақстанның маңызды әрі бірегей жобасы

  • Елбасы: Назарбаев университеті - тәуелсіз Қазақстанның маңызды әрі бірегей жобасы

    Елбасы: Назарбаев университеті - тәуелсіз Қазақстанның маңызды әрі бірегей жобасы

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордада оқуын аяқтап жатқан Назарбаев университетінің бесінші түлектер легі мен еліміздің барлық ЖОО түлектерін оқуды бітіруімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Қымбатты түлектер! Қадірлі ұстаздар. Бүгін біз баршамыз ерекше есте қалатын салтанатты рәсімге жиналып отырмыз. Бұл біздің - бесінші мәрте жиналуымыз. Еліміздің мақтанышына айналған Назарбаев университеті түлектерінің бесінші легі үлкен өмірге жолдама алды. Тәуелсіздік жылдары жасалған көптеген шаруалардың ішіндегі ең бір жақсысы да, қажеті де - осы университет болды деп санаймын. Бұл - студенттер мен ата-аналар қауымы, оқуытушылар мен университет ұжымы үшін мәртебелі әрі мерейлі сәт. Осыған орай сіздерді және еліміздің қазіргі жоғарғы оқу орындарын бітіріп отырған барлық жастарды шын жүректен құттықтаймын», - деді Елбасы Назарбаев университетте өтіп жатқан салтанатты шарада.


Елбасы өз сөзінде «Назарбаев университеті - тәуелсіз Қазақстанның маңызды әрі бірегей жобасы» саналатынын атап өтті.


«Қысқа мерзім ішінде білім ордасы халықаралық деңгейдегі беделді оқу орындарының қатарына қосылғанын бәріміз білеміз. Қазір бұл университет заманауи білім беру жүйесін қалыптастырып, еліміздегі ЖОО-лардың көшін бастап келеді. Осы университетке қарап бәрі бой түзейді. Мұндай жетістікке жету үшін әрине, осы жылдардың ішінде көп жұмыс атқарылды. Ең алдымен, оқытушылар мен университет ұжымы зор еңбек сіңірді. Мен оны ылғи бақылап отырамын. Биыл университетті 900-ден астам студент табысты аяқтағалы отыр. Түлектеріміз егемен елімізді өркендетіп, Қазақстанды заман талабына сай жаңғыртуға атсалысса екен деймін. Біздің көріп отырған болашағымыз, дүниежүзіндегі жағдай - білім мен ғылымы дамыған ел ғана озық бола алатынын, бәсекеге сай бола алатынын көрсетіп отыр. Соған дайын болу үшін мен сендерді дайындадым. «Болашақ» бағдарламасымен білім алған, осы университетті аяқтаған алдыңғы қатарлы жастар мемлекеттің әрбір саласында жұмыс істеп, елімізді болашаққа бастайды деп сенемін», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Еске сала кетсек, Назарбаев университетінде салтанатты түрде V оқу бітіру рәсімі өтіп жатыр. Биыл аталмыш университеттегі түлектер саны - 963 студент. Оның ішінде 565 студент - бакалавриат, 378 студент - магистратура, 14-і - медицина докторы және 6 студент - докторантура бағдарламасы бойынша оқу бітіріп жатыр.


Түлектердің көпшілігі - Ғылым және технологиялар мектебінің (270 түлек), Инженерия мектебінің (225 түлек), Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің (168) бакалавриат бағдарламасының студенттері. Магистрлік бағдарлама бойынша Жоғары бизнес мектебін - 82 студент, Жоғары білім беру мектебін - 80 түлек, Жоғарғы мемлекеттік саясат мектебін - 49 түлек, Инженерия мектебін - 70 түлек, Ғылым және технологиялар мектебін - 34 түлек, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебін - 19 түлек, Медицина мектебін - 27 түлек, Тау-кен ісі және Жер туралы ғылым мектебін - 20 түлек аяқтаған.


 




Көрілген: 565    Пікірлер: 0

жұма, 31.05.2019, 20:11

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31