Ел жаңалықтары

Электронды білезікҚазақстанда тергеуге алынғандар да электронды білезік таға бастады

  • Электронды білезікҚазақстанда тергеуге алынғандар да электронды білезік таға бастады

    Электронды білезікҚазақстанда тергеуге алынғандар да электронды білезік таға бастады

Құсайыновтың айтуынша, электронды білезік адамның аяғына тағылады. Сондай-ақ, күдікті өзімен бірге ұялы телефонға ұқсас автономды станцияны алып жүруі тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда жемқорлық үшін тергеуге алынған адамға алғаш рет электронды білезік тағылды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің цифровизация мәселелері жөніндегі көмекшісі Аслан Құсайынов мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Электронды білезіктер тергеу кезінде тағылатын болатын. Мысалы, сот үкімі шыққанға дейін үйқамақта ұстау шарасы қолданылса, күдіктіге білезік тағылады да, сол арқылы оны бақылайтын болады. 17 қыркүйекте Қарағанды қаласының мамандырылған тергеу соты алғаш рет осы электронды білезікті қолдануға қатысты шешім шығарды. Оны үйқамақта жүрген күдіктіге тақты", - деді Құсайынов астанада өткен брифингте.

Оның айтуынша, электронды білезік адамның аяғына тағылады. Онымен бірге ұялы телефонға ұқсас автономды станцияны ұстап жүру керек. Сол арқылы күдіктінің биометрикалық деректерін тексеруге болады. Білезіктің салмағы – 40 грамм. Аккумуляторы жарты жылға жетеді. Оны бұзуға немесе зақымдауға әрекет жасалса, арнайы сигнал бірден диспетчерлік орталыққа түседі. Күдікті емханаға немесе сотқа барса, арнайы маршрут сызылады. Сол жолмен ғана жүру керек. 

"Әзірше, электронды білезіктің 10 дана жинағын сатып алуға шешім қабылданды. Осы мақсатта жыл соңына дейін шамамен 500 мың теңгедей кетеді. Егер осы тәжірибе тиімді әрі нәтижелі болса, онда сатып алынатын электронды білезіктер саны артады", - деп атап көрсетті Құсайынов.


 




Көрілген: 310    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.09.2020, 13:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31