Ел жаңалықтары

Елжан Біртанов қазақстандықтарға темекіні қойғызудың жаңа амалын ұсынды

  • Елжан Біртанов қазақстандықтарға темекіні қойғызудың жаңа амалын ұсынды

    Елжан Біртанов қазақстандықтарға темекіні қойғызудың жаңа амалын ұсынды

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов заңнамалық тұрғыда электронды сигареттерді темекілерге теңестіруді көздеп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Бұл мәселені құқықтық база аясында шешу үшін заңнамаға бірқатар өзгеріс енгізуді жоспарлап отырмыз. Яғни, электронды сигареттерді, вейпингтерді дәстүрлі темекілерге теңестіру керек. Бізде дәстүрлі темекіге деген талап қатал. Мейрамханада, қоғамдық орындарда темекі шегуге болмайды. Алайда бұл жерде мәселе заңнамалық түрде реттелмеген жаңа өнімдерде болып тұр. Күні ертең мен Парламентте заңнамаға енгізілетін жаңа өзгерістерді таныстырамын. Ол бойынша жоғарыда аталған өнімдер қатаң реттелетін болады», - деді Елжан Біртанов елордада өтіп жатқан Онкологиядағы Дүниежүзілік көшбасшылар саммитінде тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.


Еске сала кетсек, елордада кеше Онкологиядағы Дүниежүзілік көшбасшылар саммиті басталған еді. Форум жұмысына Халықаралық обырға қарсы одақ (UICC) президенті, жоғары мәртебелі ханшайым Дина Майред, Қазақстан Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қатысуда. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін саммитке қатысушыларға құттықтау хат жолдады.




Көрілген: 1077    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.10.2019, 18:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31