Ел жаңалықтары

Елімізде 2 млрд ағаш отырғызылады

  • Елімізде 2 млрд ағаш отырғызылады

    Елімізде 2 млрд ағаш отырғызылады

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев хабарлады. 

Оның айтуынша, Ұлттық жобаны жүзеге асыру аясында бірнеше шара көзделген.

Балық ресурстарының табиғи популяциясын 224 мың тоннаға дейін ұлғайту және жерсінуі кемінде 65% болатын 2 млрд ағаш отырғызу жөніндегі іс-шаралар атқарылады, - деп атап өтті Экология министрі.
Сондай-ақ министр «Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлерінің санын қалпына келтіру» міндеті шеңберінде тұран жолбарысын реинтродукциялау үшін азық базасын құрылатындығын алға тартты.«Іле – Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватта қабан, тоғай бұғысы, елік санын ұлғайту көзделеді. Азық базасын құру үшін биотехникалық іс-шаралар жүргізу, интродукциялау және реинтродукциялау бойынша биологиялық негіздемелер әзірлеу, сақтау орталықтарын және басқа да жобалар іске асырылады, - деді ведомство басшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде«Ұлытау» мемлекеттік ұлттық паркі құрылатындығы туралы жазған болатынбыз.


Мақпал ОРЫНБЕК

BAQ.KZ




Көрілген: 337    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.10.2021, 18:41

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қараша, 22:42
    Арон Атабек көз жұмды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30