Елімізде әуе билеттері қымбаттады

09 наурыз 2022, 14:18

Екі өңірде ғана әуе билеттерінің құны бұрынғыдан арзандаған

Елімізде биыл әуе билеттерінің бағасы 18%-ке қымбаттады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 
Мәселен Шығыс Қазақстан облысында - 45,7%, Маңғыстауда - 43,2% және Түркістан облысында - 34,8%-ке өскен. Тек Ақмола мен Солтүстік Қазақстан өңірінде ғана баға сол қалпы. Ал Павлодар және Жамбыл облыстарында ұшақ билеттерінің құны бұрынғыдан арзандаған.