Елімізде бір тәулікте 35 адам COVID-19 бен пневмониядан қайтыс болды

15 қазан 2021, 10:51

Елімізде 7 млн-нан астам адам вакцина алды

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде бір тәулікте коронавирус пен коронавирус белгілері бар пневмониядан 35 адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
13 қазан күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның жаңадан 129 жағдайы және 7 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 190 адам емделіп шықты.

2020 жылдың 13 наурызынан (коронавирус елімізде алғаш анықталған күн) 2021 жылдың 13 қазанына дейін:

  • ауырғандар - 77 662;
  • өлім жағдайы - 4 946;
  • жазылып шыққандар - 65939.

Ал 14 қазандағы мәлімет бойынша 2 232 адамнан коронавирус инфекциясынан емделіп шықса, 1 967 адамда індет ПТР арқылы расталды.

Сол сияқты 2021 жылғы 14 қазанда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 7 976 127 адам, ал екінші компонентін 7 059 597 адам салдырды.