Ел жаңалықтары

Елімізде «Елбасы төсбелгісі» деген жаңа жоба пайда болды

  • Елімізде «Елбасы төсбелгісі» деген жаңа жоба пайда болды

    Елімізде «Елбасы төсбелгісі» деген жаңа жоба пайда болды

Қазақстанда балалар мен жасөспірімдерге арналған «Елбасы төсбелгісі» жаңа жобасы іске қосылды. Жоба «Ел Үміті» бастамасы аясында Тұңғыш Президент Қоры мен «Елбасы» академиясының қолдауымен жүзеге асырылуда, деп хабарлайды zakon.kz.

«Бағдарламаны әзірлеу барысында біз жас ұрпақты тәрбиелеу саласындағы әртүрлі зерттеулерді талдадық және көптеген елдер жастардың регрессиясына алаңдайтынын көрдік. Бұл әртүрлі факторлармен байланысты: физикалық белсенділіктің төмендеуі, стеоратиптік ой салдарынан есте сақтаудың төмендеуі, жаһандануға байланысты ұлттық спорт ойындарына, өнерге қызығушылықтың төмендеуі», - деді Елбасы академиясының корпоративтік қоры басшысының орынбасары Әнуар Жанғозин, ОКҚ-да өткен брифингте.

Ол бұған 14-29 жас аралығындағы қазақстандықтар қатыса алатын алғашқы ұлттық жоба екенін атап өтті. Тұрғылықты жері мен әлеуметтік жағдайы маңызды емес.

Бұл бағдарламада бастысы жеті бағыт бойынша мақсат қойып, оларға жүйелі түрде қол жеткізу. Бұл – спорт, дарындылық пен дағдыны дамыту, кітап оқу, волонтерлік, ұлттық мұра, серуендеу және жұмыс тәжірибесі. Жобаның үш қиындық деңгейі бар.

Таңдалған деңгейді сәтті аяқтағаннан кейін қатысушы тиісті дәрежелі медаль алады. Алтын медаль алған үміткерлерге 18 айдың, күміс алғандарға 12 айдың және қола медаль алғандарға 6 айдың бағдарламасы қарастырылған», - дейді қор басшысы.

Жоба тегін, оған қатысу қосымша инвестицияларды қажет етпейді. Қор тарапынан да балалар қолдауға, ақыл-кеңес алуға мүмкіндік алады.

«Осы ұлттық сынаққа қатыса отырып, жігіттер өздерін жетілдіріп қана қоймай, сонымен бірге ортақ мүдделерімен бөлісетін жаңа достар таба алады. Мен жастарды уақытты босқа өткізбеуге және осы жобаға тіркелуге шақырғым келеді. Қазіргі уақытта біз алдын-ала тіркеу жүргіздік. 6 мыңнан астам адам жобаға қатысуға ниет білдірді», - деді Әнуар Жанғозин.

 

 




Көрілген: 734    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.06.2020, 02:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31