Қазақстанда еңбекке жарамсыздығына байланысты берілетін төлемақы өседі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасаған baribar.kz тілшісі жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.
Министрлік «2022 жылғы 1 сәуірден бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін ұлғайту туралы» үкімет қаулысының жобасын дайындады.
2022 жылғы 1 сәуірден бастап осы уақытқа дейін тағайындалған жұмысқа жарамсыздық және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері алынған әлеуметтік төлемдер сомасының 4% ұлғайтылсын, – делінген құжатта.
Бұл шешім халықтың аз қамтылған тобына әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында қабылданды.
Құжат 21 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында жарияланған.