Ел жаңалықтары

Елімізде «Жануарлар - менің Достарым!» атты балаларға арналған сурет байқауы өтеді

  • Елімізде «Жануарлар - менің Достарым!» атты балаларға арналған сурет байқауы өтеді

    Елімізде «Жануарлар - менің Достарым!» атты балаларға арналған сурет байқауы өтеді

ҚР Бала құқықтары жөніндегі Уәкілдің бастамасымен Қазақстан Республикасының Президентінің қамқорлығы аясында "Жануарлар - менің Достарым!" атты балаларға арналған сурет байқауы өтеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Шара Біріккен Ұлттар Ұйымының ТДМ және қоршаған ортаға байланысты БҰҰ Бағдарламасының, ҚР Білім және ғылым министлігінің, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен және "Балалар Әлемді Бейнелейді" Қоғамдық Қорының қатысуымен ұйымдастырылады.

Жұмыстар 2020 жылғы 1 сәуірден 30 маусымға дейін қабылданады. Қазылар алқасы жұмысы мен нәтижелерін 5 шілдеде шығарады. 

Байқау Қазақстан бойынша өтеді. Жалпы 6 мен 17 жас аралығындағы балалары мен жастары қатыса алады. 

Бүкілқазақстандық экологиялық суреттер байқауының тақырыптары:

Менің сүйікті үй жануарым;

Қаладағы жануарлар;

Барлық жануарға баспана керек;

Менің үй жануарым питомниктен алынған;

Балалар бұралқы жануарларға мейіріммен қарауға шақырады.

Байқау шарттары келесідей:

Бейнелеу өнерінің кез келген техникасында жасалған жұмыстар қабылданады;

Кез келген материалмен жасалған жұмыстар (қарындаш, фломастер, акварель, гуашь, тушь, пастель, майлы бояумен, акрил және тағы басқа);

Жұмыстың мөлшері А1, А2, А3, А4. Стандартты емес мөлшердегі жұмыстар да қабылданады;

Жұмысқа автор өзі туралы мәліметтер көрсете отырып, қол қоюы тиіс;

Жұмысты автор толықтай өзі жасаған тұпнұсқа болуы қажет;

Бір автордың бірден үшке дейін жұмысыі қабылданады.

Жеңімпаздар категориялары:

I, II, III орындар. 6 мен 8 жас аралығындағы категория

I, II, III орындар. 9 мен 11 жас аралығындағы категория

I, II, III  орындар. 12 мен 14 жас аралығындағы категория

I, II, III  орындар. 15 мен 17 жас аралығындағы категория

Байқауға қатысып,  жүлделі орындарға ие бола алмаған балалар "Байқауға қатысты" деген электронды сертификаттар алады. Ал жеңімпаздар 2020 жылдың қыркүйегінде Алматы қаласына салтанатты марапаттау рәсіміне шақырылады. Жол ақысын әкімшіліктер мен ұйымдастырушылар мойындарына алады. Жеңімпаздар дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Шараның бас әріптесі EDUStream компаниясы супер-сыйлық ұсынады - Жеңімпаз өз жұмысын Австрияның Вена қаласындағы байқауға алып барады (короновирус эпидемиясы аяқталғаннан соң), ал ынталандыру сыйлықтары ағылшын тілін үйренуге арналған тамаша кітаптар.

Сондай-ақ, жеңімпаздарға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен өзге де демеушілердің сыйлықтары табыс етіледі. Байқауға ұсынылған жұмыстарды бағалау үшін ұйымдастыру комитеті құрамына белгілі өнер және мәдениет қайраткерлері енген қазылар алқасын бекітеді.

Байқау жеңімпаздарының жұмыстары еліміздің барлық аймағындағы билбордтарға орналастырылады (тамыз-қыркүйекте). Жеңімпаздарды жариялау, марапаттау 10 шілдеде болады. 

Жұмыстар тұпнұсқа түрінде мына пошталық мекенжайда қабылданады: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 050026, Әуезов көшесі, 14а үй "Балалар Әлемді Бейнелейді" Қоғамдық Қоры және де info@alembala.kz поштасына жолдауға болады.

Толығырақ: www.alembala.kz

 

 




Көрілген: 199    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.04.2020, 19:14

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31