Елімізде «жасыл» аймақта бірде-бір өңір жоқ

17 қаңтар 2022, 12:21

Ал «сары» аймақта тек Түркістан облысы ғана. 

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес 17 қаңтардағы жағдай белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

•  «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Алматы, Ақтөбе Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.
•  «Сары» аймақта: Түркістан облысы.
•  «Жасыл» аймақта: Ешбір өңір жоқ.