Ел жаңалықтары

Елімізде қай дәрілер қымбаттап жатыр?

  • Елімізде қай дәрілер қымбаттап жатыр?

    Елімізде қай дәрілер қымбаттап жатыр?

Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап балаларға рецепт бойынша жазылатын барлық дәріні медсақтандыру аясында тегін бермек. Ал 2022 жылы бүкіл халық тегін дәрмекпен қамтылады. Қазақстанда медициналық препараттар бір жылда 8%-ға қымбаттады. Бұндай статистиканы Energyprom.kz мониторинг агенттігінің сарапшылары жариялады.


Зерттеуге сәйкес, халық дәрі-дәрмектің шамамен 80%-ын өз ақшасына сатып алады, препараттардың үштен бірін ғана мемлекет есебінен алады.


"Дәрілердің бағасы қымбаттап барады. 2019 жылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша, баға 2018 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 8,2%-ға өсті. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 7% болған. Бағасы ең көп өскен – дәрумендер (бір жылда 11,4%), анальгетиктер (10,6%), корвалол мен антибиотиктер (9,3%)", - делінген ақпаратта.

Бұған қоса, биылғы қаңтар-қыркүйекте дәрі-дәрмек өндірісі 56,6 миллиард теңгеге, басқа препараттар өндірісі 4,1 миллиард теңгеге жетті. Барлық фармацевтикалық өнім өндірісінің көлемі былтырғы 55,5 миллиард теңгеден биыл 65,3 миллиард теңгеге артты.


Қазақстанда медициналық препараттардың бүкіл өндірісі үш өңірде, атап өтсек Шымкент (23,1 миллиард теңге), Алматы облысы (21,1 миллиард теңге) және Алматыда (14,2 миллиард теңге) шоғырланған. 




Көрілген: 217    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.11.2019, 20:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қазан, 23:01
    Бұл ту – фейк!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30