Елімізде Қазақстан атты 32, Елбасы есімді 67 адам тұрады - статистика

08 маусым 2022, 18:54

Қазақстандағы 19 млн астам халықтың арасында есімдері ерекше жандар көп. Ал, Қазақстан, Астана немесе Елбасы деген тұрғындардың бары туралы естігін бе едіңіз?

Ұлттық статистика бюросы осындай ерекше есімдер туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Қазақстан есімі 32 адамға берілген. Сондай-ақ, елімізде 86 Теңге, 26 Астана, 67 Елбасы бар. Бір адамның аты Тәуелсіздік болса, тағы 1 адамның есімі – Атазаң және 1 қыздың аты – Ару-Астана. Ал, 44 387 ата-ана баласының атын Нұрсұлтан деп қойған. Сондай-ақ, Ахмет Батұрсынов пен Сәкен Сейфуллин – 11, Мағжан Жұмабаев – 105 және Ільяс Жансүгіров 1 рет кездеседі. Статистика бюросының ақпаратына сәйкес, Тәңір-Жомарт, Нұрпатшайым, Ахмет Байтұрсын, Ақ-тілек, Сүйкімді, Таңғажайып, Тәттім, Султан Бейбарыс, Сұлубике сияқты ерекше есімге ие қазақстандықтар бар. Мұндай есімдер әзірге бір реттен ғана қойылған. Еске сала кетсек, биылғы Ораза айында елімізде Рамазан есімді 1085 ұл дүниеге келді.
ҚазАқпарат.