Ел жаңалықтары

Елімізде көліктерді техникалық байқау орталықтарының жұмысын бақылау күшейтілмек

  • Елімізде көліктерді техникалық байқау орталықтарының жұмысын бақылау күшейтілмек

    Елімізде көліктерді техникалық байқау орталықтарының жұмысын бақылау күшейтілмек

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жалған техникалық байқау орталықтарымен күресті күшейтпек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


2019 жылдың сәуірінде «Жол қозғалысы туралы» заңға техникалық байқау операторларының бақылау-диагностикалық жабдықтарынан ақпарат беретін арнайы бағдарламаларға қойылатын талаптарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын.


Бүгінгі таңда ол талаптар жобасы ҚР Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуде.


Аталмыш талаптар автомобильді техникалық байқау желісіне ұсынбастан құжат жасау фактілерін болдырмауға, сондай-ақ деректерді «қолдан» енгізудің (фотошоп) жолын кесуге бағытталған.


«Елімізде техникалық байқауды жою мәселесі қарастырылмайды. Өйткені мерзімді техникалық байқау әлемдік тәжірибеге сай. Ең бастысы, бұл шара адам амандығын, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоршаған ортаға келетін зиянды азайтуға мүмкіндік береді. Басқа елдерде тіркелген көліктерге техникалық байқау жүргізетін тұлғалардың қызметіне келетін болсақ, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі техникалық байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібін қатаң қадағалайтын болады», - делінген министрліктің мәліметінде.


Дегенмен, техникалық байқау операторларының тізіліміне енбесе де, аталған қызметті көрсетіп, табыс тауып жүрген тұлғалардың әрекетін тексеру аталмыш министрліктің қызметіне кірмейді.


 




Көрілген: 381    Пікірлер: 0

жұма, 12.07.2019, 23:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31