Елімізде коронавирус жұқтырғандар көбейе бастады
Қазақстанда өткен тәулікте 717 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 68,
Алматы қаласы – 105,
Шымкент қаласы – 12,
Ақмола облысы – 69,
Ақтөбе облысы – 12,
Алматы облысы – 51,
Атырау облысы – 35,
Шығыс Қазақстан облысы – 49,
Жамбыл облысы – 9,
Батыс Қазақстан облысы – 64,
Қарағанды облысы – 46,
Қостанай облысы – 61,
Қызылорда облысы – 14,
Маңғыстау облысы – 12,
Павлодар облысы – 79,
Солтүстік Қазақстан облысы – 25,
Түркістан облысы – 6.
Жалпы ел бойынша коронавируспен ауырғандар саны – 214 806 адам.
Ал коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 65 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 221 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 49372, 630 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 42741 жетті.