Елімізде қыркүйек айынан бері тоғыз мыңнан астам оқушы коронавируспен ауырған

07 қазан 2021, 13:16

Барлығы 9 185 оқушы КВИ жұқтырған. 

Қыркүйек айының басынан бері Қазақстанда тоғыз мыңнан астам оқушы коронавируспен ауырды, деп хабарлады Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

«Оқушылар арасында ауру жұқтырудың күн сайынғы мониторингіне келсек, барлығы 9 185 оқушы КВИ жұқтырған, бұл оқушылардың жалпы санының 0,26% құрайды. Олармен қарым-қатынаста болған 102 мыңнан астам бала анықталды, олардың 624-інде ПТР тесті оң нәтиже көрсеткен», - деді Цой сәрсенбідегі брифингте.

Сонымен қатар, Цой хабарлағандай, қыркүйек айының басынан бастап студенттер арасында 1 282 ауру жұқтыру дерегі тіркелген, оның 935 – і ООО студенттері, 347-сі ЖОО студенттері, бұл сәйкесінше, ООО студенттерінің 0,2% және ЖОО студенттерінің 0,08%-ы.

Дереккөз: ҚазТАГ