Елімізде тағы 15 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырды

20 қаңтар 2022, 08:52

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 15 872 жағдай тіркелді. 20 қаңтардағы мәлімет бойынша 110 731 адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Вирусты жұқтырғандар ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласында -  5 050,

Алматы қаласында - 2 025,

Шымкент қаласында – 420,

Ақмола облысында – 750,

Ақтөбе облысында - 459,

Алматы облысында - 432,

Атырау облысында - 568,

Шығыс Қазақстан облысында - 542,

Жамбыл облысында - 257,

Батыс Қазақстан облысында - 376,

Қарағанды облысында - 2 944,

Қостанай облысында -402,

Қызылорда облысында -399,

Маңғыстау облысында - 250,

Павлодар облысында - 710,

Солтүстік Қазақстан облысында - 155,

Түркістан облысында - 133.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 100 876 жетті. Қауіптілік деңгейі бойынша, Түркістан облысы "сары" аймақта болса, қалған 13 облыс пен 3 республикалық маңызы бар қала "қызыл" аймақта. "Жасыл" аймақта бірде-бір өңір жоқ.