Елімізде үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

02 қараша 2020, 10:19

Елімізде үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

2 қарашада Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі. Түнде кей жерлерде көктайғақ болуы мүмкін.  2 қарашада түнде Көкшетау қаласында тұман түседі, көктайғақ болады.

2 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады.

2 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болуы ықтимал.