Ел жаңалықтары

Еліміздегі ірі букмекерлік кеңсенің басшысы сотталды

  • Еліміздегі ірі букмекерлік кеңсенің басшысы сотталды

    Еліміздегі ірі букмекерлік кеңсенің басшысы сотталды

Алматыда Finbet букмекерлік кеңсесінің басшылары сотталды, деп хабарлайды sputnik.kz  Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу анықтағандай, Finbet басшылары букмекерлік қызметпен бірге Қазақстан аумағында заңсыз құмар ойыны бизнесімен айналысқан. Олар осы қызмет арқылы 300 миллион теңгеден астам табыс тапқан.

"Құмар ойындарына ақша салу Алматы мен Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстарында орналасқан 43 кеңседе жүргізілген", - деп жазылған хабарламада.

Айыпталған үш азамат та заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін сот үкімімен кінәлі деп танылды. Олардың екеуіне шартты түрде төрт жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды. Ал айыпталғанның бірі 2,4 миллион теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды.

Қылмыстық іс бойынша құны 100 миллион теңгеден асатын ақшалай қаражат пен мүлік тәркіленді.




Көрілген: 394    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.04.2021, 14:54

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31