Еліміздің бас шыршасы қашан жағылатыны белгілі болды

18 желтоқсан 2021, 13:46

Әкімдіктің хабарлауынша, бас шыршаны жағу рәсімі 19 желтоқсан күні сағат 19:00-де ЭКСПО көрмесі аумағында, "Нұр Әлем" сферасы маңында өтеді.

Айта кетейік, биыл бас шыршаның биіктігі 25 метр болды. Бұл шараға елорданың барлық тұрғыны мен қонағы қатыса алады.

"Бағдарламада ресми және концерттік бөлім қарастырылған. Концерттік бағдарламаға қазақстандық эстрада өнерінің жұлдыздары қатысады", - делінген әкімдік хабарламасында.

stan.kz