Еліміздің бірнеше аймағында дауылды ескерту жарияланды

09 қараша 2019, 17:47

Алматы облысында 10-11 қарашада күтілетін нөсер жаңбырға байланысты дауылды ескерту жарияланды деп хабарлайды өңірлік төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, алдағы екі күнде облыста қатты жаңбыр жауады. Мұндай мәліметтерді «Қазгидромет» РМК ұсынды.

«2019 жылғы 10-11 қараша аралығында жауын-шашынның болуына байланысты, Алматы облысының таулы өзендерінде су деңгейінің көтерілуі күтіледі», - деп хабарлады департамент.

Ведомство оңтүстік астананың және Алматы облысының тұрғындары мен қонақтарын қырағылық танытып, таулы сапарлардан аулақ болуға шақырады.

10 қарашада Шығыс Қазақстан облысында қатты жауын-шашын, қар жауады. Қарлы боран, тұман және көктайғақ болады деп болжануда. Жел көтерілуі мүмкін.

10 қараша күні Қостанай облысында да осындай ауа райы күтіледі: синоптиктер түнде кей жерлерде тұман, көктайғақ, қарлы боран болады деп болжайды.

Қызылорда облысында алдағы үш күнде күшті салқын жел күтіледі.

Көктайғақ, түнде және таңертең қар жауады, күндіз тұман болады - 10 қараша күні елорда тұрғындарын осындай ауа-райы күтеді. Кей жерлерде желдің екпіні секундына 15 метрге дейін күшейеді.

10 қараша күні таңертең және түстен кейін Түркістан облысында қатты жел тұрады.