Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Еліміздің бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды

25 шілде 2020, 18:08

26 шілдеде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

 

Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде найзағай, солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 16 м/с күтіледі. Таңертең және күндіз 26 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең кей жерде тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

 

26 шілдеде Ақмола облысында кей жерде найзағай, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Түнде және таңертең кей жерде тұман күтіледі.

 

Нұр-Сұлтанда 26 шілдеде түнде және таңертең найзағай, тұман күтіледі.

 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, кей жерде 15-20 м/с күтіледі.

 

Таңертең және күндіз 26, күні тәулік бойы 27 шілдеде Жамбыл облысында кей жерде найзағай, дауыл болады. Күндіз 26, 28 шілдеде солтүстік-шығыс, солтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

 

Таразда күндіз 26, түнде 27 шілдеде кей уақытта найзағай күтіледі.

 

26-27 шілдеде Қарағанды облысының кей жерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, кей жерде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

 

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертен кей жерде тұман болады.

 

Қызылорда облысында 40-41 градус қатты ыстық, өте жоғары өрт қаупі сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 75-100 %.

 

BAQ.KZ