Еліміздің бірнеше өңірінде ауа-райына байланысты ескерту жарияланды

20 қаңтар 2022, 09:17

Көп өңірде көктайғақ, бұрқасын, тұман күтіледі. 

Еліміздің синоптиктері Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылдық ескерту жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

20-21 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, 22 қаңтарда солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. 

20 қаңтарда Қарағанды облысының солтүстігінде тұман, облыстың оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, шығысында, оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. 

Атырау облысының батысында және орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. 

Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ күтіледі. 

Алматы облысының таулы аудандарда қатты жауын - шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақытта оңтүстігінде және шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, шығысында екпіні 15-20 м/с.