Ел жаңалықтары

Еліміздің бірнеше өңірінде карантин күшейтілді

  • Еліміздің бірнеше өңірінде карантин күшейтілді

    Еліміздің бірнеше өңірінде карантин күшейтілді

Дүйсенбіден бастап Маңғыстау облысы мен Шымкент қаласында карантин күшейтіліп, 17 тамызға дейін жалғасады. Ал Қостанай облысында қатаң шектеулер тек демалыс күндері ғана күшіне енбек деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Lada.kz мәліметінше, COVID-19 вирусының таралуын алдын алу мақсатында, Маңғыстау облысы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шыққан.

Тиісті құжатта дүйсенбіден бастап осы аймақта қалааралық автобус пен Ақтау қаласындағы қоғамдық көлік қызметінің тоқтайтыны жазылған.

Одан бөлек, сауда үйлері, сауда және ойын-сауық орталықтары, ойын-сауық орталықтары, кафенің жазғы алаңдары мен мейрамханалар жұмыс істемейді. Тамақтану мекемелері тек жеткізу қызметтерін орындабақ.

2020 жылдың 3 тамыз және 17 тамыз аралығында Қостанай облысы аумағында қатаң шектеу шаралары қабылданады. Бұл туралы өңірдің бас санитарының орынбасары жеткізді.

Қаулыда аймақта құрылыс материалдарын, санитарлық-техникалық және санитарлық-гигиеналық тауарларды, ауыл шаруашылығы мен саяжайға арналған тауарларды, авто және ауыл шаруашылығы техникасына арналған қосалқы бөлшектерді, салттық керек-жарақтар мен тауарларды өткізумен айналысатын дүкендерді қоспағанда, азық-түлік емес дүкендердің қызметіне тыйым салынатыны көрсетілген.

Сонымен қатар тұрғындарға саябақтарға, алаңдар мен скверлерге, жағалауларға, қоғамдық және ұйымдастырылмаған жағажайларға, халықтың өзге де демалыс орындарына баруға болмайды.

Айта кетейік, бұған дейін елімізде көшеде міндетті түрде маска тағып жүру талабы бекітілген болатын.

Жаңа ереже бойынша тұрғындар: жабық нысандарда (дәріхана, дүкен, кеңсе, медициналық ұйым, халыққа қызмет көрсету саласындағы ұйымдар мен басқа жерлерде), көлікте және көшеде жүргенде, COVID-19 ауруы бойынша күдікті адамға көмектескенде, коронавирус инфекциясына ұқсас ауру белгілері пайда болған жағдайда (дене қызуының көтерілуі, жөтел немесе түшкіру) маска тағып жүруге міндетті.




Көрілген: 303    Пікірлер: 0

жексенбі, 02.08.2020, 14:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30