Еліміздің солтүстігінде күн жылынып, оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады – Синоптиктер

08 маусым 2022, 13:30

Қазақстан бойынша 2022 жылдың 9-11 маусымына арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Синоптиктер солтүстікте күн жылынатынын болжайды.

“Солтүстік-батыс циклонымен, республиканың көп бөлігінде найзағай ойнап, қатты жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін. 11 маусымға жақын елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауады. Елдің батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады. Солтүстік өңірлердегі күндізгі ауа температураның 20-28 жылуға дейін біртіндеп төмендеуін қоспағанда, температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді”, – делінген ауа райы болжамында.