Ел жаңалықтары

Елімізге 1 миллионға жуық қандас көшіп келуі мүмкін

  • Елімізге 1 миллионға жуық қандас көшіп келуі мүмкін

    Елімізге 1 миллионға жуық қандас көшіп келуі мүмкін

Шетелдегі 1 миллионға жуық қандас Қазақстанға көшіп келуге ниетті. Бұл туралы «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов мәлім етті, деп хабарлайды nege.kz порталы.

«ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырмасына сәйкес біз қандастарға арналған «Ерулік» атты жаңа сайт аштық. Сайт қазақ және орыс тілдерінде, латын және төте жазу нұсқаларында ақпарат таратып жатыр. Мұндағы мақсат – отанға көшіп келуге ниетті қандастарды ақпаратпен қамту. Осы орайда, елімізде сырттан келген қандастар жиі орналасатын Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші көшіп келуді жоспарлаған қандастарға ақпарат түрінде ұсынылып отыр. Яғни қандастар алдын ала қайда келетінін, ол жердегі жол қандай, мектеп бар ма және тағы басқа маңызды жайттармен алдын ала таныса алады», – деді М. Сарбасов.

Сондай-ақ, қордың вице-президенті қазіргі таңда 1 млн-ға жуық қандас елге көшіп келуге ниетті екенін айтты.

«Бүгінде қандастарымыздың аталған сайтқа кіру, оқу динамакасы артып келеді. Әсіресе Қытай, Ресей, Иран, Моңғолия, Өзбекстан, Ұлыбритания мен Германиядағы қандастарымыздың ерулік сайтына жиі кіретіні байқалып отыр. Демек аталған елдердегі қандастарымыз отанына келугі қызығушылық танытады деген сөз. Біздегі сараптамалық талдауға сүйенсек, бүгінде 1 миллионға жуық қандасымыз елге көшіп келуге ниетті. Каратиндік талаптар жеңілдетіліп, шекаралар ашылса көш ұлғаяды деген үміттеміз», – дейді ол.




Көрілген: 579    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.10.2021, 22:26

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қараша, 22:42
    Арон Атабек көз жұмды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30