Ел жаңалықтары

Елорда әкімі бағаны тұрақтандыру жөнінде кеңес өткізді

  • Елорда әкімі бағаны тұрақтандыру жөнінде кеңес өткізді

    Елорда әкімі бағаны тұрақтандыру жөнінде кеңес өткізді

Елорда әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру мақсатында ірі сауда желілері мен базарлардың өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі НұрСұлтан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан әкімі екі шенеунікті жазалады

"Бағаларды тұрақтандыру үшін біз екі бағытта жұмыс істеп жатырмыз: тұрақтандыру қоры құрылды, сауда желілерін жеңілдетілген несиелеу бойынша жұмыс жүргізілді, "кері схема" жобасына Магнум, Астықжан, Кенмарт, Шағын, Шапағат базарлары сияқты сауда нүктелері қатысуда, сонымен қатар "Евразия", "Артем", "Үлкен Шанхай", ет және жарма жеткізушілері де анықталды, азық-түлік себетінің тауарларына көтерме, делдалдар, кәсіпкерлер және т.б. тарапынан ешқандай алыпсатарлық болмауы керек. Белгіленген шекті бағаларды ұстану қажет. Оның бәрі ел басшылығы тарапынан бақыланады, бағаны тұрақтандыру мәселесі жалғасады", - деді Алтай Көлгінов.

 

Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту департаментінің бастығы Ерлан Бекмурзаев атап өткендей, толқудың себебі жоқ, азық-түлік өнімдері жеткілікті мөлшерде ұсынылады.

Әкімдік сонымен қатар әлеуметтік нан бағасын төмендету мәселесімен жұмыс істеді: тұрақтандыру қорындағы ұнның қоры толықтырылды, қаланың наубайханаларын қолдау шаралары қабылданды. Бағаны ұстап тұру және өнімді нарықтық бағадан төмен сату ауылшаруашылық жәрмеңкелерін өткізуге мүмкіндік береді.

Ауылшаруашылық жәрмеңкелер маусымы "Аспан базар" жәрмеңкесінде басталды, жәрмеңкелер әр сенбі және жексенбі сайын сәуір айына дейін өтеді.

 

 




Көрілген: 127    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.03.2020, 20:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30