Ел жаңалықтары

Елорда әкімі оңалту орталықтарын кеңейту қажеттігін айтты

  • Елорда әкімі оңалту орталықтарын кеңейту қажеттігін айтты

    Елорда әкімі оңалту орталықтарын кеңейту қажеттігін айтты

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram-парақшасында ел астанасында көру қабілеті нашар бүлдіршіндерге арналған балабақша, ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қамтуды ұлғайтуға мүмкіндік беретін бірқатар оңалту орталықтары ашылатынын мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

 
«Осы көктемде қалада көру қабілеті нашар балаларға арналған мамандандырылған балабақша ашылады. 90 орынға есептелген мекеме Сарыарқа ауданында орналасқан (Кенесары көшесі 9/1). Сонымен бірге, биыл ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қамтуды кеңейтетін бірқатар оңалту орталықтарын ашамыз.

Жүйелі негізде мүмкіндігі шектеулі тұрғындарды оңалту үшін жағдай жасау маңызды. Мәселен, өткен жылы ғана БЦП, аутизм, Даун синдромы және т.б. диагнозы бар балаларды оңалтумен айналысатын бірқатар ірі оңалту орталықтары ашылды. Мәселен, «Асыл Мирас» аутизм орталығы (Уәлиханов көшесі) арқылы аутистік спектрді 50% көбірек қамтыдық. Бұл жоба Болат Өтемұратов қорымен бірлесе жүзеге асырылды. Сол үйде орналасқан тағы бір оңалту орталығы БЦП, аутизм диагнозы және басқа да бірқатар аурулары бар балалармен айналысады.

№1 қалалық балалар ауруханасы базасында Тұңғыш Президент Қоры мен «Самұрық-Қазына» қолдауымен өткен жылдың күзінде «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды. Бұл ДЦП диагнозы бар 600-ге жуық баланы жыл сайын қосымша тегін медициналық көмекпен қамтуға мүмкіндік береді.

Қала аудандарында «үй жанындағы дәрігер» атты 29 нысан ашылды. Ипподром базасында балалар иппотерапиямен айналыса алатын жабық манеждің құрылысын жүргізіп жатырмыз. «Жастар» сарайында ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін қолжетімді бассейн болады. Инватакси саны 2 есеге артады.

Жаңа үйлердің бірінші қабаттарында «қадамдық қолжетімділік» қағидатына сай балаларға арналған шағын орталықтар, оңалту орталықтары, балабақшалар, үйдің жанындағы дәрігер және т.б. нысандар ашамыз.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында Президент ерекше қажеттілігі бар балалардың саны өсіп келе жатқанын, оларға жан-жақты кешенді оңалту қажет екенін, «алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары жанындағы әлеуметтік қызметтердің жұмысын күшейту қажет» екенін атап өтті.

Ерекше қажеттілігі бар азаматтарды оңалту үшін жағдай жасау бойынша жұмысты жүйелі негізде жалғастырамыз», - деп жазды елорда әкімі.




Көрілген: 277    Пікірлер: 0

жұма, 26.02.2021, 15:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Сәуір, 00:29
    Алматыда сел жүрді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30