Елорда атауы өзгеруі мүмкін бе? Мәжіліс төрағасы жауап берді

02 наурыз 2022, 14:36

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Нұр-Сұлтан атауын Астана деп өзгерту туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Күн тәртібінде мұндай мәселе жоқ", - деді Қошанов Мәжіліс сыртында.
Сондай-ақ, журналистер "депутаттар қала атауын өзгерту мәселесін көтеруі мүмкін бе" деп сұрады.

"Жоқ, көтермейді", - деді палата спикері.