Ел жаңалықтары

Елорда әуежайында жұртты балағаттаған мас жолаушы рейстен түсірілді

  • Елорда әуежайында жұртты балағаттаған мас жолаушы рейстен түсірілді

    Елорда әуежайында жұртты балағаттаған мас жолаушы рейстен түсірілді

Жыл басынан бері ел бойынша ішімдік ішкені және қоғамдық орындарға мас болып келгені үшін 1631, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 318 адам жазаланған.
Көлік полицейлері елорда әуежайында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 55 жастағы жолаушыны рейстен түсіріп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«17 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласы әуежайындағы Желілік полиция бөлімінің кезекші бөліміне «Эйр-Астана» әуе компаниясының өкілінен хабарлама келіп түсті. Онда «Нұр-Сұлтан-Ақтау» бағытындағы рейс жолаушыларының бірінің масаң күйде өзін дөрекі ұстап, қоғамдық орында балағат сөздер айтқандығы атап өтілген. Тексеру барысында көлік полицейлері Ақтау қаласының 55 жастағы тұрғынын анықтады», - делінген Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінде.

Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 440 және 434 баптары, яғни, алкогольді ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу және ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Нұр-Сұлтан қалалық Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен тәртіп бұзушыға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

«Аталған азамат әуе рейстері еліміздің қалалары арасында жаңартылғаннан кейін әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін ұшақтан түсірілген алғашқы жолаушы болып отыр», - деп нақтылады көлік полицейлері.

Еске сала кетейік, 1 мамырдан бастап Қазақстан қалалары арасында әуерейстерінің ұшуы жаңартыла бастаған болатын. Биылдың басынан бері еліміздің көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 16 873 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде алкогольді ішімдік ішкені және қоғамдық орындарға мас болып келгені үшін 1631, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 318 адам жазаланды. 




Көрілген: 588    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.05.2020, 21:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 10:36
    Өскеменде жарылыс болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30