Елорда әуежайындағы хакерлік шабуыл туралы хабарламаға түсініктеме берілді

18 сәуір 2022, 00:47

Көбінесе WhatsApp мессенджері арқылы таралатын ақпараттар адамдарды адастырады. Мәселен кеше ғана Қазақстан арқылы транзитпен ұшатын ресейлік ұшақтарға “тоқтату” сигналдары жіберілгені жайлы ақпарат тараған болатын. Яғни Қазақстандықтар Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының сайтына хакерлік шабуыл жасалғаны туралы деректерге сенер сенбесін білмеген еді.

Үкім: ақпарат жалған.

Бұл ақпараттың анық қанығын білу үшін Әуежейдың баспасөз қызметіне хабарластық. Олар “Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы бүгін, шамамен сағат 12:20-да nn-airport.kz сайтына бірнеше өтінішпен шабуыл жасалғанын хабарлады. Шабуыл тойтарылып 13:20-да алаң қалпына келтірілді. Сайт ешқандай хабарлама жібермейді, мұндай функция жоқ”, – деді. Әуежайдың баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов мұндай жалған ақпараттың қайдан шыққанын да білмейтінін жеткізді.