Ел жаңалықтары

Елорда мектептеріне жаппай бейнебақылау орнату қандай қажеттіліктен туындады

  • Елорда мектептеріне жаппай бейнебақылау орнату қандай қажеттіліктен туындады

    Елорда мектептеріне жаппай бейнебақылау орнату қандай қажеттіліктен туындады

Нұр-Сұлтан қаласының әрбір мектебіне 24 камера орнатылды. Цифрландыру бағыты бойынша, елорда мектептерінің барлығы бейнебақылау камераларымен қамтылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy хабарлайды. 

«Барлық білім беру ұйымдары сандық бейнебақылаумен 100% қамтамасыз етілген. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 31 наурыздағы «Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 480/62-VI шешімімен білім беру ұйымдарын бейнебақылаумен қамтамасыз ету үшін 609,5 млн теңге сомасында қаражат бөлінді»,- деді Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының экономика және жоспарлау бөлімінің басшысы Айжан Баймолдина.
Айта кетерлігі, 2020-2021 оқу жылының басында қосымша тағы да 4 752 камера орнатылды. Яғни, әр білім беру объектісінде 24 камерадан бар.

Бейнебақылауды мектептің әкімшілігі, күзет қызметкерлері қадағалайды. Жедел әрекет ету үшін барлық камералардан қалалық бірыңғай ахуалдық орталығына  ақпарат жеткізіледі.  

Бұл жаңашылдық ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың балалардың мектептегі қауіпсіздігін күшейту туралы тапсырмасынан кейін жүзеге асырылды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Azattyq Rýhy енді ата-аналардың мектептегі асханаларда балаларының қалай тамақтанып жатқанын бақылай алатыны жөнінде хабарлаған.




Көрілген: 582    Пікірлер: 0

жұма, 23.10.2020, 12:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30