Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Елорда полицейлері Израиль елшілігін қоршауға алды

02 қыркүйек 2020, 22:09

Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлері Тель-Авивтен жеткізілген күмәнді затқа байланысты Израиль елшілігін қоршауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бүгін, 2 қыркүйекте 102 нөміріне Израиль елшілігінен пошта бойынша күмәнді екі қап жеткізілгені туралы хабар түсті. Заттар Тель-Авив қаласынан Алматы арқылы жеткізілгені белгілі болды. Оның салмағы 7 келіден асады", - делінген қалалық полиция департаменті таратқан хабарламада.

Оқиға орнына шұғыл жеткен тәртіп сақшылары "Азия" бизнес орталығын қоршауға алған. Мұнда Израиль елшілігі орналасқан.

"Оқиға орнына полиция департаментінің жедел-тергеу тобы, кинологтар мен шұғыл қызмет көрсететін мамандар келді. Тексеру барысында полиция қызметкерлері қаптардан қауіпті заттарды тапқан жоқ. Онда жеке заттар болған", - делінген хабарлама.