Елордада 31 жастағы әйел 16-қабаттан секіріп, қайтыс болды

15 маусым 2022, 23:45

Нұр-Сұлтан қаласында 31 жастағы әйел көпқабатты үйдің 16-қабатынан секіріп, қайтыс болды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 ПД ақпаратынша, 15 маусым күні "102" нөміріне Е-753 көшесіндегі үйдің ауласында мәйіт табылғаны туралы ақпарат түскен.

"Полиция қызметкерлері әйелдің жеке басын анықтады. Ол елорданың 31 жастағы тұрғыны болып шықты", - делінген хабарламада.
Полиция марқұмның 16-қабаттан секіріп кеткенін нақтылады.

Бұл фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды.