Елордада әкімшілік ғимараттан 200 адам эвакуацияланды

10 наурыз 2021, 16:55

10 наурыз сағат 13:30 шамасында Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД бөлімшесіне әкімшілік ғимаратта өрт шыққандығы туралы хабар келіп түскен.

 «Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 17 мекенжайында болған өрт жағдайына байланысты оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамынан 26 адам және 5 бірлік техника жетті. Өрт сөндірушілер келген кезде көлік тұрағы қалың түтінге оранғаны белгілі болды. Электр сымдарының ақаулары анықталды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп хабарланды қалалық ТЖД баспасөз қызметінен.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенге дейін әкімшілік ғимараттан 200-ге жуық адам сыртқа шығарылып, сондай-ақ, «Ауди» маркалы бір автокөлік эвакуацияланған. Өрт сағат 14:45-те толық сөндірілді.