Ел жаңалықтары

Елордада аудан әкімі қатаң ескерту алды

  • Елордада аудан әкімі қатаң ескерту алды

    Елордада аудан әкімі қатаң ескерту алды

Нұр-Сұлтанның Есіл ауданының әкімі Берік Жәкеновке саябақтардың нашар күйіне байланысты сөгіс жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Берік Жәкенов

"Саябақтың қазіргі күйі мен жұмыс қарқынының төмен болуына орай Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов пен мердігер ескерту алды. Барлық кемшіліктерді түзетуге уақыт берілді. Абу-Даби Плаза маңында орналасқан саябақ екі жыл бұрын ашылуы тиіс болатын. Желілік саябақ биыл ашылады", - делінген ресми хабарламада.

 

Саябақ аумағы 11 гектардан асады. 3,5 мыңға жуық ағаш отырғызылды.
Аумақта балаларға арналған ойын алаңы, скейт-алаңы және т.б. орнатылды.

Нұр-Сұлтан қаласында 50-ге жуық қоғамдық орын абаттандырылады. Олардың қатарында саябақтар, тынымбақтар және басқа да таза ауада серуендеуге арналған орындар бар. Аталмыш орындардың басым бөлігі "жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында абаттандырылады. 10 жерде жұмыстар басталды.

"Шеткері аймақтарды дамыту аясында "Көктал" елді-мекенінде саябақ құрылысы жалғасып жатыр. Саябақ аумағы тыныш демалыс аймағы, белсенді демалыс аймағы және балалар демалыс аймағы болып 3-ке бөлінеді. Саябақ аумағында 8 мың ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Сонымен бірге 4 ірі дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады. 2-інде құрылыс жұмыстары басталды", - деп қосты әкімдік өкілдері.

Бүған дейін Маңғыстау облысында коронавирустың жаппай таралуына байланысты ауыл әкімі жұмыстан қуылғаны жайлы айтылған болатын. 

 
 

 




Көрілген: 293    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.05.2020, 09:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31