Елордада бірнеше бағыттағы автобус қатынасы тоқтады

07 наурыз 2022, 11:23

Бұл жайында таңертең "City Transportation Systems" ЖШС мәлімет таратты
Нұр-Сұлтанда қала маңына қатынайтын бірнеше бағдар бойынша автобус жүрмей қалды.
Бұл жайында таңертең "City Transportation Systems" ЖШС мәлімет таратты.
"Ауа райының нашарлауына және трассаның жабық болуына байланысты, қала маңына қатынайтын № 305, 306, 310, 311, 312, 315, 316, 318, 326 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылған. Сонымен қатар, №302, 303, 320 бағдарлар "Лесная поляна" тұрғын үй аймағына кірмейді", - делінген хабарламада.
Басқа қала маңына қатынайтын автобустар жұмыс істеп тұр.