Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Елордада екпе алғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатылады

15 қыркүйек 2021, 09:00

Қала тұрғындарын коронавирусқа қарсы вакцина алуға ынталандыру үшін елордада екпе алғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатылады.
Екпе алған адам оған автоматты түрде қатысады, өтінім беріп, тіркелудің қажеті жоқ, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 

Нұр-Сұлтанда екі бөлмелі пәтерді 25 маусым мен 28 қыркүйек аралығында (28 қыркүйекті қоса алғанда, бұрын 31 тамызға дейін болған) вакцинацияланған азаматтар ұтып ала алады. Ұтыс ойынына осы жылдың 25 маусымы мен 28 қыркүйегі аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан тұрғындар қатыса алады. 

Екі бөлмелі пәтердің ұтыс ойыны тікелей эфирде өтеді. 

Еске сала кетейік, елорда әкімдігі апта сайын вакцина алғандар арасында iPhone12 және басқа да құнды сыйлықтардың ұтыс ойынын өткізді. 

Сонымен, иммундаудан өткендер арасында соңғы үлгідегі iPhone 12 телефонының 19 данасы, 6 тоңазытқыш, 4 теледидар, 2 планшет, 4 микротолқынды пеш, 5 принтер, 2 бейнетіркегіш, кір жуғыш машиналар, Алиса ақылды колонкасы, ауа ылғалдандырғыш және т.б. ойнатылды. 

Бұдан басқа, екпе алғандар арасында бағалы жүлделердің ұтыс ойынын вакцинация пункттері орналасқан СОО және СҮ өткізді. Вакцинация сіздің денсаулығыңызды да, жақындарыңыз бен айналаңыздағы адамдардың денсаулығын да қорғайды. Өйткені, басты мақсат – ұжымдық иммунитетті дамыту және карантинге дейінгі режимге оралу.

BAQ.KZ