Ел жаңалықтары

Елордада есін толық біліп жатқан науқасқа операция жасалды

  • Елордада есін толық біліп жатқан науқасқа операция жасалды

    Елордада есін толық біліп жатқан науқасқа операция жасалды

Елордада есін толық біліп жатқан науқасқа операция жасалды. Мұндай медициналық ем-дом өте сирек қолданылады. Бірақ мамандар миға зақым келтіріп алмау үшін пациентті ұйықтатпайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Qazaqstan ұлттық арнасына сілтеме жасап.

Нұрзия апай өз қолын басқара алмайды. Икемге келмегеніне 3 жыл болған. Тоқтаусыз дірілідейді. Соңғы кездері аяғы қосылды. Оның үстіне бұлшық еттері ауырады, ұйқы бұзылған.
"Осы жерге келгеннен кейін нақты диагноз қойды. Дәрімен ғана тоқтатып отырды. Көбейіп келе жатыр. Азаймайды ғой", - деді  қала тұрғыны Нұрзия Мәденова.

Бұл дерт – паркинсон деп аталады. Яғни, неврологиялық ауру. Баяу дами отырып, ми жасушаларын зақымдайды. Жүйке жүйесінің ең қауіпті кеселі. Бірде-бір ел оның неден пайда болатынын анықтай алмай отыр. Тиісінше, емі жоқ. Бірақ, науқастың жағдайын жақсартып, өмір сүру ұзақтығын созуға болады. Операция арқылы. Алайда аурумен күресіп жүрген науқастардың көбі одан хабарсыз.

Қазақстанда да паркинсон ауруына шалдыққандардың саны артуда. Оның еміне қатысты ақпарат өте аз болғандықтан, көбі дертті дендетіп алады.

Ал ауру асқынса операцияның өзі кеш. Сондықтан, алғашқы белгілері білінісімен дәрігерге көріну қажет.

Нейрохирургтар Нұрзия апайға күрделі операция жасады. Науқасты ұйықтатқан жоқ, есін толық біліп жатты.

"Операция кезінде осы дірілге жауап беретін мидың орталығын күйдіреміз. Сондықтан асқынулар болмауы үшін науқас ояу жату керек. Соңында көретін результатты бақылап отыруымыз керек", - деді Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігер-нейрохирургі Марат Құлмирзаев.

Қозғалысы қиындап, қимылы тежелген Нұрзия апай операцияның ертесінде-ақ оң нәтижені көре бастапты.

Айта кетейік, елде мұндай аурумен 30 мыңнан астам адам күресуде. Жыл сайын шамамен 2,5 мыңға жуық адам қосылып отырады.




Көрілген: 381    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.04.2021, 16:01

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31