Ел жаңалықтары

Елордада жүрек донорларының құрметіне «Сый» атты арт-нысан ашылды

  • Елордада жүрек донорларының құрметіне «Сый» атты арт-нысан ашылды

    Елордада жүрек донорларының құрметіне «Сый» атты арт-нысан ашылды

Елордадағы Ботаникалық саябақта жүрек донорларына арналған «Сый» атты инсталляция нысаны ашылды. Арт-нысан – жүректері өзге жанға өмір сыйлаған донорларға көрсетілген құрметтің белгісі, – деп хабарлады baq.kz сайты.
Ескерткішті ашу идеясының негізінде жүрек донорлығының пайда болу тарихы жатыр. Кардиохирург Юрий Пя мен оның чехиялық әріптесі, доктор Ян Пирк 2012 жылы 8 тамызда елімізде ең алғаш рет жүрек трансплантациясын жасаған болатын. Бақилық болған әйел адамның жүрегі 38 жастағы ер адамға салынды. Осылайша, Қазақстанда мәйіт донорлығы біртіндеп дами бастады. Отандық трансплантология 2015-2017 жылдары бір ізге қойыла бастаған. Өйткені дәрігерлер әр жыл сайын 19-ға дейін жүректі ауыстыру отасын жасаған.

Арада 9 жыл өткенде Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы 84 жүрек трансплантациясын жүргізіп үлгеріпті. Бұл дегеніміз – дүниеге қайта келген 84 адам! Осы орайда айта кететін жайт, бұл – орталықтың кәсіби мамандарының үлесі ғана емес, бірінші кезекте жүрек донорының туған-туыс, жақындарының өлшеусіз еңбегі.

Нысанның ашылу салтанатына Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының басқарма төрағасы Юрий Пя, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов, әйгілі суретші Лейла Махат, трансплант-орталық пен донорлық стационарлардың қызметкерлері, сондай-ақ донордың туыстары мен реципиенттер қатысты.

Инсталляцияның авторы – қазақстандық әйгілі мүсінші Эдуард Казарян. Оның айтуынша, инсталляция кинетикалық ерекшеліктерімен биіктігі 5 метрді құрайтын тот баспайтын болаттан жасалған.

«Мен анатомиялық жүрек емес, адамға әр қараған сайын ой салатын мүсін жасағым келетінін түсіндім. Бұл жерде біреу адамның портретін, ал енді біреу өзінің күнге қарай ұмтылғанын түсінетін тірі бүршікті көреді. Ал енді біреулер адамның өмірін қамқорлықпен ұстап, қорғап тұрған дәрігердің қолын көруі мүмкін. Ең бастысы – адам организмін байланыстырып, қоректендіріп тұратын тамырлардан құралған жүректің бейнесі. Мұның барлығы желдің қозғалысымен мүсінге жан бітіретін еркін элементтермен толықтырылған. «Сый» – ең бастысы құрмет. Мен үшін маңыздысы – көрерменнің мүсіннен өзінің ішкі әлемімен астасқан жеке бір байланысты көре алуы», – деді Эдуард Казарян өз идеясы туралы.
Инсталляцияны жасауға 6 ай уақыт кеткен. Тіпті, мүсінші осы арт-нысан үшін арнайы шеберхана цехын ашып, сол жерде үлкен экспозициямен жұмыс істепті. Ал жобаны іске асыру міндетін Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына қарасты «Жүрек орталығы» қоры өз мойнына алған.

«Бұл біздің ұжымның бастамасы болды. Сол арқылы біз донорларға, олардың жақындары мен отбасыларына алғыс білдіргіміз келді. Донор болу – өте күрделі шешім. Донорлық – қайырымдылық акциясы, ешқандай коммерциялық тұсы жоқ. Біз осы инсталляция арқылы адамдарға екінші өмір сыйлаған, донорлыққа құрбан еткен жүректерді көргенін қаладық», – деп атап өтті Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының басқарма төрағасы Юрий Пя.
Әр донорлықтың артында реципиенттерге өмір сүруге мүмкіндік сыйлау ғана емес, жақындарынан айырылған жандардың тағдырлары тұрғанын да естен шығармаған абзал.

Еске сала кететін жайт, нысан Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының 10 жылдығына орай «Жүрек орталығы 10 жыл: Looking back, thinking forwards» мерейтойлық конференциясының бағдарламасы шеңберінде ашылды.

baq.kz




Көрілген: 451    Пікірлер: 0

сенбі, 23.10.2021, 18:05

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қараша, 22:42
    Арон Атабек көз жұмды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30